- Advertisement -

Түлектердің дәрісін тыңдады

150

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­малық мақала­сының аясында Тараздағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты кездесу кеші өтті. Шараға Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров, еліміздегі үздік футболшы Нұркен Мазбаев және түрлі салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектері қатысты.
Кездесу барысында қонақтар мектеп-гимназияның дарынды оқушыларының көрмесін тамашалап, тіпті логика үйірмесінің бірнеше қызықты тапсырмаларын орындады. Бұдан кейін оқушылар белгілі азаматтардың өмірлік тәжірибесі туралы бөліскен дәрістерін тыңдады. Шара мектеп оқушыларының концертімен жалғасты.
– Елге белгілі, өз саласында жетіс­тікке жеткен жерлес­теріміздің, мектеп түлектерінің оқушы­лармен кездесуі, өмірлік тәжірибе­лерімен бөлісуі – аса маңызды, қажетті шара. Бұл басқосу біздің шәкірттеріміздің болашағына азық болып, рухани серпіліс береді деген ойдамын, – деді оқу орны директоры Мұрат Тұрысбек.
Шара соңында барлық қонақтар білім ұясының ауласына шырша ағашын отырғызып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті.

Б.Сұлтан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support