- Advertisement -

Байбек Алматыда өртенген үйді қысқа мерзімде қалпына келтіруді бұйырды

136

- Advertisement -

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Көкжиек шағын ауданында өртеніп кеткен көппәтерлі үйді қалпына келтіру жұмыстарын тез арада іске асыруды талап етті.

Cонымен қатар, қала әкімі үй тұрғындарының дүние-мүлкін сенімді жерге орналастырып, олардың дін-аман сақталуын қамтамасыз етуді бұйырған.

«Қазіргі уақытта тұрғын үйдегі электр қуаты, газ және тағы да басқа жүйелер сөндірілген. Ертең өрт масштабын анықтайтын комиссиялық тексеріс бастау алады», — деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі жүргізілетін өрт-техникалық экспертиза нәтижесінде мәлім болмақ. Оның қорытындысы шыққаннан кейін үйді қалпына келтіру жұмыстары басталcа керек.

Еске сала кетейік, Алматының Көкжиек шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Үй тұрғындарын жақын арадағы мектепке орналастырған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support