- Advertisement -

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

234

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №57-Ж/Қ өкімімен Нығмашев Берік Болатұлы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нығмашев Берік Болатұлы 1988 жылы туылған, білімі жоғары, 2009 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «топырақтану және агрохимия» мамандығы және 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Кирилловка-Айыртау» ЖШС-нің агрономы болып бастаған. 2010-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы, 2013-2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, Өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы,  мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, 2017 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің директоры қызметтерін атқарып келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support