- Advertisement -

Жамбылдық оқушылар 7 жыл қатарынан үздік деп танылды

117

- Advertisement -

Атырау қаласында наурыз айының 15 мен 20 аралығында өткен республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысып, жүлделі орындардан көрінген жамбылдық оқушыларды Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жамилә Елеуқызы, мектеп директорлары мен оқушылардың ата-аналары үлкен құрметпен күтіп алды.

Білімділер сайысында оқушылар математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен сынға түсті. Сыннан сүрінбей, мыңнан оза шапқан жамбылдық оқушылар 7-ші жыл қатарынан өздерінің үздік екендерін дәлелдеп келеді. Биылғы жылы да жамбылдық оқушылар «Үздік команда-2018» номинациясының иегері атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы додаға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 5 алтын, 7 күміс, 15 қола медальдармен марапатталды.
Айта кететін жайт, аталған республикалық додаға еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және Назарбаев зияткерлік мектебінен 800 жуық оқушы қатысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support