- Advertisement -

Тіркеу электронды түрде

98

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттыратын жаңа мемлекеттік қызмет түрін әзірлемек. Сонымен қатар, тұрғындарды емханаларға тіркеу қызметтерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Азаматтар МӘлМС бойынша төлемдер туралы үзінділерді 2018 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ала алады. Қазірдің өзінде бұл ақпарат egov.kz электрондық үкімет порталында қолжетімді. Пайдаланушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен жеке кабинетінде соңғы енгізілген төлем туралы ақпаратты тексере алады. Алайда медициналық қызметті пайдаланушылармен кездесу кезінде бұл жүйе барлығына ыңғайлы еместігі туралы жиі айтылады.
Азаматтарды емханаларға тіркеу ХҚКО арқылы қолжетімді болады. Емханаларға тіркелудің жетілдірілген қызметтері биылғы III-IV тоқсанда қолжетімді болмақ. Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы емханаларға тіркеледі және сонда тіркелген жері туралы ақпаратты ала алады. Қазір бұл қызметтер egov.kz арқылы және тұрғындар тіркелу үшін құжаттар тапсырып жатқан емханаларда көрсетіліп жатыр. Барлық құжаттар ХҚКО және egov.kz порталы арқылы қабылданады.
Бұл медициналық ұйымдар тарапынан бұрмалауды барынша азайтуға, тіркеу бөліміне түсетін жұмысты қысқартуға, азаматарды емханаға негізсіз тіркеуден бас тарту санын кемітуге септеседі.

Мавлюда БОКАЕВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының»
облыс бойынша
филиалының директоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support