Apple келесі өнімін қашан таныстыратынын хабарлады
Apple корпорациясы WWDC 2018 құрастырушыларына арналған жыл сайын өтетін шараның уақытын белгіледі
Конференция 2018 жылы 4-8 маусым аралығында Сан-Хоседегі McEnery Convention орталығында өтеді. Өткен жылы да WWDC Калифорнияның осы қаласында өткен болатын. Зал алты мың қонаққа есептелген. Конференцияға мыңдаған Apple құрастырушылары келеді деп жоспарланып отыр. Қатысушыларды тіркеу 22 наурыз күні аяқталады.
Аталған жиын барысында macOS, iOS, watchOS және tvOS сынды операциялық жүйелер таныстырылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аналитик мамандар көрмеде жаңа Apple гаджеттері таныстырылады деп болжады.
Өткен жылы Apple WWDC конференциясында экранының диагоналі 10,5 дюйм болатын iPad Pro техникасын таныстырған еді.
Дереккөз:baq.kz
Comments are closed.