- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының облыс жастарына арнаған ҮНДЕУІ

213

- Advertisement -

Қымбатты жастар!

Бүгінгі Қазақстан Республикасы ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы арманына айналған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының артуы арқасында еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарынан өзінің лайықты орнын алды.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Ұлы Дала елі егемендігін алған күннен бастап ел ертеңі жастарға үнемі қамқорлық пен қолдауын көрсетіп, оларға аса зор сенім артып келеді. Ал, қазақстандық жастар осындай маңызы шексіз сенімге сергек қарап, оған нақты іспен жауап беру мақсатында және мемлекет мерейін үстем ету жолында аянбай еңбек етуде. Бүгінде отандық озық ойлы жастарымызды білім мен ғылымнан, саясат пен өндірістен, өнер мен спорт сияқты салалардан кеңінен кездестіруге болады.

 Ал, көпұлтты халқымыз асыға күтетін наурыз айы тек қана мерекелік шаралардың айы ғана емес, тәрбие мен танымның, еңбек пен тазалықтың да айы болып есептеледі. Халқымыздың «бір тал қырықсаң, он тал ек», «бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөздері әрқашан да өңір жастарының жадында жүреді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты осы көктем айында жыл сайын облысымызда көгеріштендіру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына бел шешіп, белсене кірісетін шағы. Осындай мақсатты шаралар аясында жастар тек қана ауылдар мен елді мекендерді, көшелер мен аулаларды тазалау шараларына бастама көтеріп келеді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында соғыс және еңбек ардагерлері, жалғыз басты қарияларға көмек қолдарын созуды өздерінің төл міндетіне санайды.

 Бұл мақсатта «Жас Отан» жастар қанаты арнайы жастар сенбіліктері мен тазалық күндерін ұйымдастыруды қолға алғалы отыр.

Таза қала, таза ауыл, таза көше, таза саябақ – денсаулық кепілі. Ал, дені сау ұлт мемлекет тірегі. Сондықтан да, Елбасының «Мәңгілік Ел» және  рухани жаңғыру идеяларынан қуат алған біздің бұл саналы бастамамыз жастардың туған өлкесіне деген ыстық сезімдерін қалыптастыруға және олардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру үшін жасалып отырған өнегесі мол игі қадам.

 Алдына осындай биік мақсаттар қойған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «Астана қаласы-ның 20 жылдық» мерекесіне арналған 2018 жылдың 17 наурызын «Астана – жастар жүрегінде» атты жастар сенбілігі күні болсын деген ұйғарым жасап отыр.

Біздер, «Жас Отан» жастар қанаты өңіріміздегі қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау жолындағы бағалы бастамамыздан Жамбыл облысы жастарын сырт қалмай, қолдау көрсетуге шақырамыз.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық

филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support