- Advertisement -

Елдің иглігіне айналатын бастамалар

152

- Advertisement -

Дәуір саясатының дарабозы, қазақ ұлты Тәуелсіздігінің заманауи іргетасын қалаушы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 5 наурызы күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін толқымай, тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Ұлтын сүю, ұрпақ қамын ойлау, болашақтағы ғылым мен білім әлеміндегі бәселестікке қабілеттілік әлеуетін арттыру, шағын несие беру, елдімекендерді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету, еңбекақыны көбейту мақсатында салықтық жүктемені азайту, қоршаған ортаны таза ұстауға ұмтылу  сияқты маңызын жоғалтпайтын іргелі дүниелерге жетудің жаңа жолдарын ұсынып, көптің көкейінде жүрген әлеуметтік мәселелердің бағытын айқындады.

 Оның ішінде тұрғындарды, жас отбасыларды әркез ойландыратын тұрғын үй мәселесін шешуге жасалып отырған «7-20-25» бағдарламасы мен оның аса жоғарғы деңгейдегі жеңілдетілген шарттары Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың жүрегінің тереңінен шыққан айрықша шешім деп білемін. Бұл бағдарлама, сөз жоқ, Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан Ұлы Дала еліндегі тұрғын құрылысына тың серпін беріп, баспана алудың қолжетімділігін арттырары шындық. Өйткені тұрғын үймен қамту мемлекеттік деңгейде тұрған ең өзекті мәселелердің бірі екені рас. Сондықтан Елбасы көтерген бес бастама отандастарымыздың көкейінде жүрген баспана мәселесіне деген сенімдеріне қуат, көңілдеріне шуақ шашып отырғаны ақиқат.

Тағы бір жағымды жаңалық, жоғары білім саласын жетілдеру мен студент жастардың жатақхана жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шара болып отыр. Олардың қатарындағы білімге ұмылған жас өрендерге арналған қосымша 20 мың грант бөлу – мектеп түлектерін ерекше қуантады. Сондай-ақ, 2022 жылдың аяғына қарай 75 мың орындық жаңа жатақханалар салу туралы берген нақты тапсырмасы ата-аналар мен болашақ білімгерлер үшін аса қуанышты жаңалық болды.

Ал жыл басы әз-Наурыз мерекесі қарсаңындағы халқына, оның ішінде ел ертеңі, ұлт болашағы жастарға жасаған бағасы биік бес бастамасы елін сүйген, елі сүйген Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан Республикасын әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу жолындағы дара саясаты мен туған халқына шексіз қамқорлығымен үндесіп жатыр. Біз бұдан демократиялық даму жолын ұстанған, «бәрі де халық үшін» деген мызғымас тұжырымдаманы іске асырып келе жатқан Ата Заңымызда айқындалған әлеуметтік мемлекетті, оның туын көтерген көшбасшысын көреміз. Олай болса, Президентіміз көтерген бес бастаманы іске асыруға үлес қосайық. Өйткені біздің мақсатымыз – ортақ, мүддеміз – бір. Ол – Тәуелсіз Қазақстанның тұтастығын сақтау мен өркендеуі жолында аянбай еңбек ету.

Руслан ҚАМБАР, исламтанушы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support