- Advertisement -

Жамбылдық оқушылар алтыншы жыл қатарынан үздік шықты

168

- Advertisement -

Жамбылдық оқушылар ғылыми жобалар жарысында биыл да үздік шықты. Өңір жеткіншектері республикалық байқауда алты жыл қатарынан командалық бірінші орынды бермей келеді. Бұл жолы жасөспірімдер бүгінгі күнгі ең өзекті тақырыптар бойынша жұмыс істеді. Аймақтан 57 оқушы қатысып, басым көпшілігі жүлделі оралды.

Солардың бірі – баламалы энергия көздерінен қуат алатын дербес үй құрыстарып, ұсынған Н. Аманкелді мен Е. Дуля. Оқушылар қолынан шыққан жобаның ерекшелігі көп. Шағын үлгідегі үй өз бетінше күн мен желден қуат алады. Бұдан бөлек, оқушылар үйдің бір қабырғасын криптон газы толтырылған арнайы шынымен қаптаған. Оқушылар инертті газ жылуды қабылдап, сыртқа шығармайтынын және осы арқылы нысанды еш шығынсыз жылытуға болатынын айтады.

— Біз жобасын ұсынып отырған орташа көлемдегі үйдің құрылысына шамамен 2 миллион теңге кетеді. Бұл қаражаттің ішіне 24 күн батареясы, 16 қорғасын акуммулятор, бір контроллер-инвертор сынды қажетті қондырғыларды орнатудың да шығыны кіреді. Бұл ауданы 60 шаршы метрді құрайтын үйге толығымен жетеді. Күннен, желден энергия алып жұмыс істесе, бұл үй өзінің құнын 2 жылда ақтайды, – дейді жоба авторларының бірі Нұртілеу Аманкелді.

Жас ғалымдар туындыны еліміздің шөлейтті аймақтарында тұратын халықтардың жағдайына ыңғайлап жасаған. Тіпті, шатырдан аққан жаңбыр мен қар суын да кәдеге жарату жағын ескерген.

— Қазақстанның 30 пайыз халқы таулы, шөлейтті жерде өмір сүреді. Мемлекетке кейбір аймақтарға коммуникациялық жүйе тарту тиімсіз. Мына жоба 3 жарым миллион адамды тегін энергиямен қамтуға мүмкіндік береді. Құрастыруға бір жарым жыл уақыт кетті. Қазір жаңа энергия көздерін анықтау уақыт талабы болып отыр. Сондықтан әлі де жетілдіреміз, – дейді ғылыми еңбектің тағы бір авторы Егор Дуля.

Жалпы, республикалық ғылыми жобалар жарысына 47 жобасымен 57 оқушы қатысқан. Олардың 20-сы жүлдегер атанып, командалық бірінші орынды иеленді.

Бүгінде өңірде техникалық шығармашылық бағытындағы әлеуетін арттыру үшін 450 мектепте оқушылардың ғылыми қоғамдары құрылды. Онда 15 мыңнан астам бала тартылған.

— Барлығын өздері жасады. Мен тек бағыт-бағдар бердім. Олар бүкіл әлемдік маңызы бар тақырыппен жұмыс істеді. Бастапқыда экоүй жасаудан бастаған. Кейін жетілдіре келе осы жобаны шығарды. Бұл келешекте үлкен сұранысқа ие болады, – дейді жас ғалымдардың жетекшісі Мұхтабар Рустамбаева.

 

Дереккөз: 24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support