- Advertisement -

Езутартар

104

- Advertisement -

Күйік

Журналистің әйелі күйеуіне : – Осы сендер жұртқа баспасөз бетінен «арақ ішпеңдер» дегенде бәледейсіңдер, ал өздерің неғып ішесіңдер?
– Күйіктен.
– Қайдағы күйік?
– Ақылымызды алмаған соң, күйеміз де…

Жуу

Ішіп келген журналист әйеліне ақтала:
– Бүгін бізде кім қонақ болғанын білесің бе? – деді.
– Кім?
– Анау «пәленше» деген ақиық ақынның өзі. Біздің газетке өлеңі шыққан еді, соны жудық…ық..ық…
Ертесіне күйеуі тағы ішіп келеді.
– Ой, бүгін «түгенше» деген атышулы жазушының әңгімесін жудық… ық..ық…
Келесі күні тағы да мас болып келген күйеуіне:
– Тағы да ақын-жазушыларың келді ме?
– Жоқ, енді өзімнің әңгімем шықты.
Ық…ық…

Естірту

Мен сіздерге бір тамаша мақала алып келдім, соны шығарсаңыздар екен. Қаламақысы өздеріңізде қалсын. Жуғаным болсын, сыра алып ішерсіздер.
– Жарайды, оқып көрейік. Тастап кетіңіз.
Ертесіне әлгі кісі редакцияға хабарласады:
– Кешіріңіз, менің мақалам не болды?
– Өкінішке қарай, сыра іше алмайтын болдық.

Лажсыздық

Журналист түннің бір уағында жедел жәрдемге хабарласады.
– Алло, дәрігер, өтінемін, тезірек жетіңізші, кішкентай қызым қаламсабымды жұтып қойды.
– Астапыралла, не дейді? Енді не істеп отырсыз?
– Не істеуші едім, лаж жоқ, қарындашпен жазып отырмын.

Аударғаным бар, өзімнің қосқаным бар, сәлеммен Бақытжан Советский.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support