- Advertisement -

Белгілі журналист Ержұман Смайыл қайтыс болды 

131

- Advertisement -

Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, вице-президент болып қызмет атқарған белгілі журналист Ержұман Смайыл 70 жасында қайтыс болды. 

Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары — «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары — «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірер ай бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде Ержұман Смайылдың 70 жасқа толғандығы атап өтілген болатын.

Дереккөз: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support