- Advertisement -

«Тегін такси» жұртқа көмектесіп жүр

120

- Advertisement -

Бүгінде әбден кәріне мінген қыс елдің апшысы қуырып, өңірді алапат аязымен буып-ақ тұр. Апта бойы кейбір ауылдарда балалар мектепке бармай қалды. Осындай қиын кезде қала орталығында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Бауыржан Балғабайдың бастамасымен және жаңатастық жастардың қолдауымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.
Акция аясында Жаңатас қаласындағы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарын тұрғылықты мекен-жайларына жеткізу ісін қолға алған жастар жұртшылықтың разылығына да бөленді.
Аталған шараға 7 жеңіл автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ акция барысында 60-қа жуық ата-аналар балаларымен және 30-ға жуық балабақша қызметкерлері үйлеріне тегін жеткізілді. Жаңатастық жастардың үлгілі ісі өзгелерге де жұғысты болғай!
Дариха Үмбетиярова,
журналист

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support