- Advertisement -

Ұлы Дала Елінің арманы

114

- Advertisement -

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тарихи мәні жоғары. Бұл – Мемлекет басшысының еліміз тәуелсіздік алған жылдан бергі саналы қоғам қалыптастыру жолындағы кезекті қадамы. Елбасы ұлттық құндылықтарымыз бен ғасырлар қойнауынан халықпен бірге жоғалмай, жасап келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтай отырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуді жадынан еш уақытта да шығарған емес. Әлемдік экономикалық-саяси аренада алмағайып кезең туған шақта Президентіміздің аса қажет рухани жаңғыру мәселесін алғы шепке шығаруының өзі – батылдық. Ендеше, ел мүддесі де рухани жаңғыру болуы тиіс. Себебі, рухы асқақ халық қана ұлы істерді атқара алады.
Мемлекет басшының сындарлы саясаты арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің артта қалған ширек өлшемінде ғасырларға пара-пар тірліктер атқарылды. Осы жылдары стратегиялық маңызы өте зор мемлекеттік реформалар жүзеге асырылып, елімізде өндіріс өркендеп, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды, бүгінде ел экономикасының локомотивіне айналған шағын және орта бизнес кең қанат жайды. Сарыарқаның төсінен жаңа Астанамыз бой көтерді. Білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларының қызмет сапасы артып, материалдық-техникалық базасы нығайды. Осылайша әлем Қазақстанды таныды. Халқымыздың тұрмыс-жағдайы жақсарды. Зейнеткерлер мен көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік қолдаулар жаңа белеске көтерілді. Осының барлығы – көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығының жемісі.
Н.Ә.Назарбаевтың тарихи мақаласында алға қойылған ең басты мақсат – ұлт мұратын ардақтау, елдің жаңа дәуірдегі тынысын ашу. Ол «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, рухани жаңғыру дегеніміз – бірлікті сақтау, сананы сілкінтіп, кереғар көзқарастардан арылып, тұтас елге айналу. Білімге басымдық беру, латын әліпбиіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» және «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобаларының түпкі көздегені – халықты ортақ мүдде төңірегінде топтастыру. Осы жобалардың шеңберінде көптеген шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар іске асырылды. Оның түпкі нәтижесін бір ғана «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстандағы жаңа 100 есім» жобасының жұртты ұйыстырушы күшке ие болғанынан байқайсыз.
Иә, елге келіп, елді мекендерді көркейтуге үлес қосқан азаматтардың ісі көпке үлгі. Өңірімізде бір ғана «Туған жер» бағдарламасының аясында бірнеше жобалар жасалып, сол бойынша ілкімді істер атқарылды. Елбасы мақаласы жарияланғалы бері рухани жаңғыру бағдарламасын талқылау жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Аймақта арнайы құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері облыс орталығынан бастап шалғай ауылдарды мекендейтін тұрғындармен қатар, жастармен де кездесу өткізді. Өңірдегі қаржы саласының ардагерлерін шақырып, осындай шараларды облыстық қаржы басқармасы ұжымында да ұйымдастырдық. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын таба беретін болады.
Халықтың үлкен қолдауына ие болып отырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы маңызы зор құжат. Өйткені, бұл тарихи мақала келешекте біртұтас ұлт болу мен саналы қоғам құруға бағытталған. Ал бұл – қилы-қилы замандардағы Ұлы Даланы мекендеген елдің арманы. Сондықтан да бірінші кезекте бұл құнды құжатты еліміздің рухани өркендеу бағдарламасы деп қабылдау керек.

Гамлет Қайнарбеков,
облыстық қаржы
басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support