- Advertisement -

Энергетиктер еңбегі еленді

138

- Advertisement -

Әр үйдегі жарық пен жылу, техника жұмысы, адамзаттың өмір сүру мүмкіндігі энергетика мамандарының жұмысына тікелей тәуелді. Кәсіби мереке қарсаңында сала мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңірген қызметкерлердің бір тобын облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков салтанатты түрде марапаттады.

Атап айтқанда, «ТаразТрансЭнерго» МКК-нің директоры Ерік Көшербаев пен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мамат Шәкіров «Құрметті энергетик» төсбелгісімен, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тілегенов пен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Құдайберген Қорғанбаев «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның техникалық директоры Александр Фурса облыс әкімінің, «Темір жол жылу» МКК-нің директоры Ғани Искаков пен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бейсенбек Жампозов Жамбыл облысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Баймаханбет Ахмет

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support