- Advertisement -

Бақытымызға – бастау, тірлігімізге – тұтқа

105

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің мызғымас беріктігін, шайқалмас шаңырағының биіктігін дәлелдейтін ұлы күн.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдады. Осы жылдары еліміздің әлеуметтік және экономикалық салалары орасан зор өзгерістерге қол жеткізді. Қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейі артты.
Дүбірлеген дүниенің додасына тайсалмай түскен – тәуелсіз Қазақ елін бүгінде әлем таныды. Оның саяси позициясымен санасатын, бастамаларын қолдайтын жағдайға жетті.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында өткен «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде Елбасы-партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын «Нұр Отан» партиясының қазіргі идеологиялық жұмысының платформасы деп атаған болатын. Саяси кеңес отырысында айтылған тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға «нұротандықтар» ерекше жігер, серпін алды. Ішкі саяси тұрақтылық пен өзара татулық баға жетпес басты байлығымызға айналды.
Бүгінгі таңда еліміз өрлеудің, өркендеудің өрісті жолына қадам басты. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының «Қазақстан–2050» Стратегиясында кеңінен айтылғанын, онда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену міндеті қойылғанын жақсы білесіздер.
Осы орайда, аталмыш бағдарламалық құжаттың халқымыздың бойына ертеңгі күнге деген ерекше бір сенім отын ұялатып отырғанын айрықша атап өткен дұрыс.
Құрметті облыс тұрғындары!
Ата-бабаларымыздың қанымен, қайратымен, желтоқсандықтардың асқақ рухымен жеткен ұлтымыздың ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бақытымызға – бастау, тірлігімізге – тұтқа, аңсар арманымызға – өріс, елдігіміз бен ерлігімізге тұрақ болған сүйікті Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілейміз.

«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалының Саяси кеңесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support