- Advertisement -

Теңдессіз талант иесі

150

- Advertisement -

РонКриштиану Роналду бесінші мәрте алтын допты ұтып алды

«France Football» журналы қалыптасқан дәстүрге сай әлемнің үздік футболшысына тағайындалған алтын допты тапсыру рәсімін өткізді. Жалпы, бұл марапатты соңғы он жылдықтың бедерінде португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси алма-кезек иеленіп, өздерінің теңдессіз талант иелері екенін дәлелдеп келе жатқаны белгілі.
Тағы да солай болды. Өткен маусым қорытындысы бойынша Мадридтің «Реал» командасымен УЕФА чемпиондар лигасын және Испания біріншілігін ұтып алған Криштиану Роналду бесінші рет алтын доп иегері атанып, Лионель Мессиді қуып жетті. Бұл екеуі жеке футболшы ретінде алмаған жүлдесі жоқ. ФИФА таңдауына сай әлемнің үздік футболшысы, Еуропаның мықтысы, алтын доп, алтын бутсы… Санасақ кете береміз. Қысқасы, Месси жеке ойыншы ретінде 13 жүлдені қанжығасына байласа, Роналду 16 жүлдені иемденіпті.
Жанкүйерлер асыға күткен марапаттау рәсімінде Роналду әйгілі қарсыласы Мессиден және бразилиялық Неймардан дауыс саны бойынша басым түсті.
Жалпы, Роналду мен Мессидің бұзбаған рекорды қалды ма екен? УЕФА чемпиондар лигасында португалиялық футболшы тағы бір рекорд орнатты. Ол топтық кезеңдегі барлық ойында гол соққан тұңғыш футболшы ретінде тарихқа есімін алтын әріптермен жазды. Роналду испандық «Реалдың» сапында ойнайды. Бес дүркін алтын доптың иегері ағымдағы маусымда чемпиондар лигасында 6 ойын өткізіп, 9 голдың авторы атанды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support