- Advertisement -

Елордаға озаттар барады

90

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңінде Тараз қаласынан және аудандарда озық шыққан үздік бастауыш ұйымдар бәсекеге түсті. Конкурстың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев сөз сөйлеп, өңіріміздегі бастауыш партия ұйымдары республикалық байқаудан үнемі олжалы оралып жүргеніне тоқталып өтті.
Мәселен, 2015 жылы Талас ауданындағы «Аққұм» бастауыш партия ұйымы (төрағасы Арқабек Төлебаев) бас жүлдені иеленсе, былтыр Жуалы ауданындағы «Орталық» бастауыш ұйымы (төрағасы Р.Сайлаубаев) үздік деп танылған еді. Сондай-ақ, Тараздағы «АрайСтройМаркет-2003», Сарысу ауданындағы «Қаратау», Байзақ ауданындағы «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымдары әр жылдары республикалық байқауда арнайы дипломдармен марапатталған болатын.
Биылғы бәсекенің бірінші кезеңінде де Тараз қаласынан «АрайСтройМаркет-2003» бастауыш партия ұйымы (төрағасы Арман Еділбаев) пен «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы (төрағасы Мұрат Бердалиев) үздік шығыпты. Олардың атқарған жұмыстары байқаудың облыстық кезеңінде де оң бағаланды.
Меркі ауданында «Қызыл таң» бастауыш партия ұйымының да жүйелі жұмыстары баршылық екен. Төрағасы Ержан Далиевтің айтуынша, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Мырзабек Мәдібаев, Серікбай Әубәкіров ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде де бірқатар шаралар қолға алынған көрінеді. Меркідегі «Жаңатоған», «Сарымолдаев» ұйымдарының жетекшілері Сержан Мамытов пен Үрияхан Мамекова да ілкімді істерге бастамашы болып жүргендердің бірі. Алайда, Мұратхан Жүнісәліұлы бастауыш партия ұйымының мүшелері негізінен мұғалімдер екенін, партия қатарына жалпы ауыл азаматтарын, шаруа қожалық төрағаларын тарту қажеттігін айтып, ұйымның жиналысын тоқсан сайын өткізіп тұруды ескертті.
Партия бастамасына көпшілікті жұмылдыру жағынан Қордай аудандық «Қайнар» бастауыш партия ұйымы пысықтық танытып отыр екен. Төраға орынбасары Әлиша Бейсекова аталмыш ұйым біраз белсенді кәсіпкерлерді демеушілікке тартқанын айтады. «Қайнардан» осы аудандағы «Болашақ» ұйымы да қалыс қалып тұрған жоқ. Төрайымы Ғалия Шәріпованың сөзіне сүйенсек, олар жағдайы төмен 50 балаға көмек көрсетіп, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша – 18, «Сәтті қадам» жобасы шеңберінде 9 шара өткізіпті. Соның арқасында биыл мектеп бітірген 19 түлектің 6-ауы жұмыс тапқан. Жаңа әдіс-тәсіл қолданып, каучинг, тринингтерді де жиі ұйымдастырған. Сондықтан, комиссия мүшелері Ғ. Шәріпова басқаратын ұйымның жұмысын жақсы бағалады. Дегенмен, алдағы уақытта тоқсан сайын жиналыс өткізуді, көпшілікті қоғамдық шараларға тартуды ескертпей қалмады.
Байқаудың облыстық кезеңінде озып шыққан үш бастауыш партия ұйымы республикалық «Үздік бастауыш ұйымы» байқауында бақ сынайды. Олар партиялық жобаларды іске асыру, ішкі партиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, ұйым жұмысын ақпарат құралдарында көрсету, жастармен жұмыс, бастауыш партия ұйымы жетекшісінің жетістіктері талаптары бойынша шеберліктерін танытуы тиіс.

Есет Жаңабайұлы,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support