- Advertisement -

«Менің елім – Мәңгілік Ел»

102

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы және «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты патриоттық жастар форумын ұйымдастырды. Жамбыл политехникалық колледжінің мәжіліс залында өткен басқосуды «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев ашып, іс-шараға сәттілік тіледі.
Келесі кезекте Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Магомед Тоқсабаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұнына терең тоқталып, жастардың ел дамуына қосатын үлесі қандай болуы қажеттігін айтты. Ал, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры Қасиет Молғаждаров қазақстандықтардың латын графикасына көшу барысында жететін жетістіктеріне тоқталды. Тараздағы №53 орта мектеп оқушылары Бақдәулет Нұртаев пен Әйгерім Райсеваның патриоттық арнау өлеңдері де көпшілік көңілінен шықты. «Аршын» тобы орындаған «Қазақстан» әні де жүрек тербеді. Балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздары қазақтың домбырасымен күмбірлете күй тартты.
Лондон Олимпиа-дасының және әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың жалынды сөздерін жастар зор ықыласпен тыңдап, чемпионға қолдау білдірді. Ал облыстық «77» телеарнасының директоры Зарина Қуатова жастарды биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды.
Кеш соңы Ескендір Хасанғалиевтің Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Атамекен» патриоттық әнін 300-ге жуық жастардың және зиялы қауымның қосыла шырқауымен түйінделді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support