- Advertisement -

Экологияны оңалтуда шешімін күткен істер көп

144

- Advertisement -

Кезекті баспасөз мәслихатында облысымыздың 2017 жылғы 9 айдағы экологиялық жағдайы басты әңгіме арқауы болып өрілді. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Қойшыбаев жан-жақты әңгімелеп берді.
Оның айтуынша, департамент өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізуде. Есепті мерзімде 73 табиғат пайдаланушыға жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 88 бұзушылық анықталған. Кемшіліктерді түзетуге 81 нұсқама беріліп, тиісті қаулыларға сәйкес кінәлі тараптарға 7,05 миллион теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың 15 дерегі бойынша 24,8 миллион теңгеге талап-арыз берілген.
Бүгінде қоршаған орта экологиясының бүлінуіне қоғамдық көліктердің де «үлес» қосатыны жиі айтылуда. Осыған байланысты департамент тарапынан үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығындағы іріктеп тексеру жоспарына сәйкес «Саяхат-99», «ДамРус», «Экспресс-05» ЖШС-лары автопарктеріндегі 119 автобус тексеріліп, олардың 63-інің зиянды шығарындыларының көрсеткіші нормадан асық екендігі анықталған. Оның ішінде 51-інің жұмысын тоқтату жөнінде ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыздар жолданыпты.
Баяндамашы облыстағы 377 елді мекенге қызмет көрсететін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының саны есепті кезеңде 168 бірлікке жеткенін (бұл жалпы көрсеткіштің 79 пайызын құрайды), Меркі ауданында екі полигонның құрылыс жұмыстары аяқталып, Жуалы ауданының орталығында осындай жаңа нысан салына бастағанын да атап өтті.
Жалпы, департамент құрамындағы зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі жылжымалы зертханамен және 51 түрлі құрал-жабдықпен жарақтандырылуы да бұл тұрғыдағы жұмыстардың жандандырыла түсуіне септесуде екен. Сынақтау зертханасы үстіміздегі жылы осымен үшінші рет арнайы стандарт бойынша аккредиттеуден де өтіпті. Есепті кезеңде табиғатты ластаушы көздерден 436 сынама алынып, 2900 химиялық талдау мен анықтау жұмыстары жүзеге асырылған.
Айта кету керек, өткен тоғыз ай ішінде департамент тарапынан барлығы 220 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, I санат бойынша 86 нысанға экологиялық рұқсат берілсе, I санаттағы нысандар 120 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алыпты.
– Өңіріміздің экологиялық тізіміне енгізілген мәселелерге тоқтала кететін болсам, олардың ең күрделісі – облыс орталығының кәріз жүйелерінің тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етілмей отырғандығы. Екінші мәселе – Билікөл көлінің ластануы. Үшінші мәселе – тұрмыстық қалдықтардың өңделмеуі. Төртінші мәселе – улы қалдықтар мен жарамсыз улы химикаттар полигонының жоқтығы, сондай-ақ, Мойынқұм және Қордай аудандарының топырақ құнарлылығы қалпына келтірілген аумақтарының радиациялық қауіпсіздігіне мониторниг жүргізілмеуі, – деп Ерлан Маликұлы бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталып өтті.
Басқосу барысында БАҚ өкілдерінің өңір экологиясына қатысты басқа да сауалдарына тұшымды жауаптар қайтарылды.

Баймаханбет ахмет,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support