Талас

71

Таластықтар топ жарды

Қаратау қаласында «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалы, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствалық есептеу орталығы» департаменті, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, халыққа қызмет көрсету орталығы бірлесіп спорттың 7 түрінен облыстық спартакиада өткізді. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Жұмабек Әсемов қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен, аталған мекемелердің қызметкерлері кіші футболдан, волейбол, арқан тарту, қол күресі, бильярд ойындарынан күш сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Талас ауданы жеңімпаз атанды. Ал, Сарысу ауданы құрамасы екінші, Жуалы ауданының құрамасы үшінші орыннан көрінді.

 

Comments are closed.