- Advertisement -

Әлем назары Алманияға ауды

135

- Advertisement -

Гамбургте бокстан әлем чемпионаты басталды

Әуесқой бокстан көптен күткен әлем чемпионаты да басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы барлық он салмақта бақ сынайтыны белгілі.
Жарыстың алғашқы күнінде 49 келі салмақ дәрежесіндегі Ержан Жомарт, 56 келі салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Қайрат Ералиев рингке көтерілді. Сондай-ақ 64 келідегі Бекдәулет Ибрагимов шри-ланкалық Душан Сапарамадудың шамасын байқап көрді. Сондай-ақ 75 келі салмақтағы үмітіміз, жамбылдық жампоз Әбілхан Аманқұл шаршы алаңға шықты.
Бүгін Гамбург төрінде керілген шаршы алаңда 52 келі салмақтағы Азамат Исақұлов оңтүстіккореялық Инку Киммен жұдырықтасса, 60 келі салмақтағы Әділет Құрметов грузиялық Отар Еронасянмен шаршы алаңда бақ сынайды. Сонымен қатар 69 келі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов мысырлық Валид Саид Мухамедке қарсы өз күшін байқап көрмек. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 91 келі салмақтағы үмітіміз Василий Левит пен 81 келідегі Ерік Әлжанов жарысты екінші кезеңнен бастайды. Қазақ боксшылары алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізсе, жартылай финал және ширек финалда Куба, Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасады. Ол туралы газетіміздің келесі санында толығырақ жазамыз.

Бет қатталып жатқанда:

49 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқыранымыз Ержан Жомарт гватемалалық Майкл Тельені 5:0, ал 56 келідегі үмітіміз Қайрат Ералиев мексикалық Кристофер Флорес Магананы 5:0 есебімен ұтса, жерлесіміз Әбілхан Аманқұл австралиялық Кэмпбел Сомервильді 5:0 ұпайымен айқын жеңді.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support