- Advertisement -

GGG соңғы бес жекпе-жегінде 12 миллион доллар тапқан

100

- Advertisement -

Отандасымыз, бүгінде әлемдік кәсіпқой бокстың жарық жұлдызына айналған Геннадий Головкин соңғы бес жекпе-жегінде 12 миллион доллар тапқан. Бұл туралы Prosports.kz сайтының журналистері мәлімет таратты.
Белгілі болғандай, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин соңғы бес жекпе-жегінде жалпы сомасы 12 миллион доллар сыйақы алса, ең жоғары сыйақыға британиялық боксшы Келл Брукпен болған кездесуінде қол жеткізген. Оның көлемі – 4 миллион АҚШ долларын құрағаны бокссүйер жанкүйерлердің есінде шығар.
Ал америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы соңғы жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің сыйақысы 2,5 миллион долларды құраған. Атап айтсақ, еліміздегі ең табысты спортшылардың көшін бастайтын GGG-дің соңғы 5 жекпе-жегінде алған сыйақы көлемі төмендегідей:  2015 жылы Кіші Вилли Монромен болған кездесуінде (АҚШ)  1,5 миллион АҚШ долларын, Дэвид Лемьемен (Канада)  болған жекпе-жегінде  2 миллион АҚШ долларына қол жеткізген ол өткен жылы да екі кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Онда Доминик Уэйдті  (АҚШ) ұтып, 2 миллион, Келл Брукты   тізе бүктіріп 4 миллион АҚШ долларына ие болған.
Ал ағымдағы жылдың наурыз айының он сегізінде болған жойқын жекпе-жекте отандасымыздың Дэниел Джейкобстен (АҚШ) басым түскенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Бұл кездесуде Гена  2,5 миллион АҚШ долларына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастың T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.

 Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support