- Advertisement -

Жаңашылдық сот жүйесіне де жат емес

108

- Advertisement -

Облыстық сотта «Сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу практикасында жаңашылдықтарды қолдану» тақырыбында конференция өтті. Оған облыстық сот төрағасы Рүстем Алшынбаев, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, судьялар, прокуратура, адвокаттар алқасы, ішкі істер органдары, нотариалдық палатаның өкілдері, кәсіби медиаторлар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Облыстық сот төрағасы Р.Алшынбаев сот тәжірибесі дәлелдеген қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі жаңашылдықтардың тиімділігін және әрекеттілігін, сот жүйесін жетілдірудің келешегін қылмыстық және азаматтық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер қатарын талқылау арқылы анықтауға болатындығын атап айтты. Жиын барысында облыстық соттың судьялары Г.Асылбек, А.Әкетаев, Д.Нұрлыбаева, М.Атибеков, Л.Рамазанова, Тараз мемлекеттік университетінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті Ж.Тұңғышбаев баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар үлкен қоғамдық қатер тудырмайтын құқық бұзушылықтар бойынша заңнаманы ізгілендіру, қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуді оңайлатудың тиімді аспектілері туралы пікір алмасты.
Онда ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің нормаларын қабылдау – азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін қалпына келтіруге және қорғалуға барынша тиімді жағдайлар жасалғандығы, оңайлатылған өндіріс, медиация, талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру сатыларының жоқтығы айтылды. Сондай-ақ, конференцияда қылмыстық, қылмыстық процессуалдық және азаматтық процессуалдық заңнамалардың жаңалықтарын қолдану барысында туындайтын мәселелер белсенді түрде талқыланып, тиімді ұсыныстар қабылданды.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support