- Advertisement -

Сыбайластықты сыйластықпен шатастырмайық

146

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі, ол қоғамның және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық – ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
Елбасының 100 нақты қадамының 100-қадамына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің бірден- бір жолы, себебі халыққа қызмет «бір терезе» арқылы көрсетіліп, қызметті бір жерден алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасы бұйрығымен 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті қызметкерлеріне құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында әртүрлі деңгейде ақпараттар жарияланып тұрады.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Нұржан Артаев,
«Азаматтарға
арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті директорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support