- Advertisement -

Тұрғындар Қосы батыр атауын қолдайды

174

- Advertisement -

«Ақ жол» газетінде Суханбаев ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылына Қосы батыр есімін беру туралы мәселе біраздан бері көтеріліп келе жатыр. Таяуда редакцияға осыған байланысты ауыл тұрғындары арасында өткен жиналыстың хаттамасы келіп түсті.
Қарасу ауылына Қосы батыр есімін беруге байланысты өткен жиынға қатысушылар ұсынысты бірауыздан қолдаған. Хаттамаға 207 адам қол қойыпты. Жиналыста қабылданған қаулы Суханбаев ауылдық округінің әкімі М.Өзбековке және аудандық ономастика комиссиясына ұсыныс хат ретінде жолданып, ауыл атауын өзгертуге ықпал етуге шақырған.
Айта кету керек, Қосы батыр Талас өзені бойындағы «Қосы сөресі» деген жерде, қазіргі Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі маңында дүниеге келген. Жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен ол Аңырақай шайқасында да атағы шыққан.
Қарасу ауылының тұрғындары батыр бабасының атауы өз ауылына берілгенін бірауыздан қолдап отыр. Мәселе оң шешімін табар деген сенімдеміз.

Қарасу ауылының
207 тұрғыны қол қойған.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support