- Advertisement -

«Тараз» ұтылудан көз ашпай келеді

77

- Advertisement -

«құдайы тамақ» береміз бе, қайтеміз?

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының оныншы кезеңі аясында «Тараз» футбол клубы Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» командасымен жасыл алаңға шықты.
Төреші ысқырығы естіле салысымен шабуылға зейін қойған жамбылдық футболшылар қажет кезде сәтті қорғана да білді. Нәтиже көп күттірген жоқ. Кездесудің 24-минутында қарсылас команданың қақпашысымен бетпе-бет шыққан Максим Фещук тамаша мүмкіндікті мүлт жібермей есеп ашты. Бұдан соң жергілікті команданың футболшылары белсенділік танытып, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырса да, таблодағы көрсеткіш үзіліске дейін өзгеріссіз қалды.
Осы сәтте тараздық жанкүйерлердің жүрегінде үміт оты ояна бастады. Шымкенттің «Ордабасы» командасын жеңген соң үш ұпайға қолы жетпей жүрген жерлестерінің осы жолы айы оңынан туып тұрғанына сенді. Алайда жеңіс қолдан сусып кетті.
Кездесудің екінші бөлігінде қос команда футболшылары да дүркін-дүркін шабуыл ұйымдастыруға тырысып көрді. Өкінішке қарай, «Ақтөбе» футбол­шыларының мерейі үстем болып, таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы Тараз футболының түлегі – Бауыржан Байтана. Оныншы кезеңнен кейін «Тараз» тоғызыншы орында келеді. Ал 10-12-орындарға жайғасқан «Атырау», «Ақтөбе», «Шахтер» командалары 8 және 9 кездесуден өткізгенін ескерсек, «Тараздың» жағдайы мәз емес.
Жалпы, «Тараз» маусым басталғалы бері ұтылудан көз ашпай келеді. «Құдайы тамақ» береміз бе, қайтеміз?

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support