- Advertisement -

Айбол мен Абай «Қазақстан барысына» қатысады

55

- Advertisement -

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін жыл сайын қазақ күресінен «Қазақстан барысы» додасы өткізілетіні белгілі. Дүбірлі додада аймақтардың қаймақтарына баланған кіл мықты балуандар бақ сынап, жеңістің ең биік тұғырына талпынатыны мәлім. Осы тұрғыдан келгенде өңір намысын абыроймен қорғап, үш дүркін «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаевтың толайым табысы жастарға үлгі екені сөзсіз.
Айтулы аламанның облыстық іріктеу кезеңіне апайтөс алыптар облысымыздың барлық аймағынан қатысып, шілде айында Астанада өтетін бәсірелі додаға кім қатысатынын анықтады. Жарысқа қатысқан балуандардың барлығы да әдемі күрес көрсетуге тырысып бақты. «Тараз-Аренаға» жиналған кіл мықтылардың белдесуін қиқулап отырып тамашалады. Бұл жылы да Айбол Айтбек қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңіске жетсе, ақтық сында Айболға жол берген Абай Ерболұлы екінші орын иегері атанды. Ал Дәулетхан Жақып пен Жамбыл Тұрғынәлиевке үшінші орын бұйырды.
Айбол мен Абай енді «Қазақстан барысы» додасында облыс намысын абыроймен қорғауға тырысады. Естеріңізге сала кетейік, Айбол Айтбек өткен жылғы додада қола белбеуге қол жеткізген болатын. Ендігі мақсаты – жеңімпаз атану. Ал біз қос балуанымызға тек табыс тілейміз.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support