- Advertisement -

«БУРЫЛ» СТАНСАСЫНА АСПАЛЫ КӨПІР КЕРЕК

123

- Advertisement -

Өзім тұратын «Бурыл» стансасына аспалы көпірдің қажеттілігіне тоқталғым келеді. Жаяу жүргіншілер өте көп жүретін болғандықтан, ары-бері өткен пойыздардың өткеніне, тұрғанына қарамай сабаққа, балабақшаға, жұмысқа асыққан жұрт қауіпсіздік ережесін сақтамай, пойыздың астынан, алдынан жүгіріп өтіп жатады. Күніне екі рет мұнда Қаратау және Жаңатас қалаларына қатынайтын жолаушылар және жүк пойыздары өтеді. Қысы-жазы осы жерде ойнап жүрген балалардың қарасы көп. Осы балалардың көпшілігі мектеп оқушылары мен балабақшаға баратындар. Көшенің бас жағында темір жол бекеті және Талас өзені бар.
Ертеңгісін тұрғындар жұмысқа, сабаққа, балабақшаға барады. Барлығы осы темір жолдың үстінен кесіп өтеді. Кейде пойыздың бірнеше вагоны тұрып қалған жағдайда, астынан өтуге тура келеді. Адамдар азанда балаларын балабақшаға пойыздың арғы бетінен бергі бетіне тасиды. Кешке қайтар кездерінде қолдарында азық-түліктері және де балаларымен бірге пойыздың астынан өтуге мәжбүр. Үлкен кісілер оның астынан еңкейіп өтеді. Денсаулығы жоқ адамдарға, тіпті қиын. Пойыздың астынан өткенде үстерін былғап, шалынып жатады. Кейде бақытсыздық жағдайлар да кездеседі.
Пойыз тұрған кезде «тоқтаңыздар», «күте тұрыңыздар, қазір пойыз жүреді» деп хабарлайды. Сол уақытта пойызды күтем деп автобустан қалып, мектеп пен жұмысқа кешігіп калған жағдайлар өте көп.
Менің айтайын дегенім, осыған орай темір жолдан өтетін аспалы көпір жасау керек. Талас өзенінен өтетін жалғыз аяқ көпір жол бар. Онда да кейде кезек күтуге тура келеді. Қолыңа қос сөмке ұстаған жағдайда қырыңмен өтуге тура келеді. Соған орай көпірді де үлкейтсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Ботакөз Баймаханова,
«Бурыл» стансасының тұрғыны.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support