- Advertisement -

«Алаш-аренаның» сүйіншісі көп болсын

99

- Advertisement -

Мен 50 жылдан бері облысымыздың барлық спортшыларына жанкүйер болып келемін. Сондықтан, олардың барлық жарыстарын, жеңістерін көруге үнемі асығып тұрамын. Әсіресе, соңғы жылдары облыс тұрғындарын өзіміздің «Ақ жол» газеті спорттың барлық жаңалықтарымен таныстырып отыратыны мені қатты қуантты. 95 жылдан бері шығып келе жатқан бұл басылым елге қашанда осындай жақындығымен ерекшеленеді. Сол жақындығының бірі – «Алаш-арена» топтамасы. Оқырмандарына спортшылардың жеңістерін жеткізіп, сүйінші сұрайтын да осы бұрыштағы мақалалар.
Біздің облыстан шыққан көптеген спортшылардың Қазақстанда топ жарып, одан ары Азия, Әлем, Олимпиада ойындарында алдыңғы орындардан көрініп жүргенін зор мақтанышпен айтамыз. Сол спортшылардың қатарында Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Болат Ниязымбетов, Бақтияр Тілегенов, Бақтияр Артаев, Олжас Сәттібаев, Бейбіт Ыстыбаев, Елдос Сметов, Байрам Сламов, Ақжүрек Таңатаров, Зүлфия Ғабидуллина және Фируза Шарипова сынды дарындарымыз бар. Мұнан өзге аты аталмаған көптеген мақтаныштарымыз спорттың барлық түрінен алдына жан салмай, топ жарып жүр. Тараздың футбол командасынан да зор үміт күтеміз.
Осындай оғландарымызды мақтан ете отырып, мен де жасым 70-тен асқанына қарамай, Тараздағы спорт сарайларында өтетін түрлі жарыстарды тамашалап, оларға жанкүйер болып жүремін.
Облысымыздың даңқын шығарып, өңірдің атын жоғары орындардан көрсетіп жүрген спортшыларға облыстың ең таңдаулы газеті «Ақ жол» арқылы алғысымды айтып, еңбектеріне зор табыс тілегім келеді.

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
зейнеткер.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support