- Advertisement -

Комбайнды қалай аламыз?

94

- Advertisement -

Редакцияға Мойынқұм ауданы Кеңес ауылының тұрғындары атынан Б.Расиов, Ш.Тұрсынбаев және Е.Білдебаевтан арнайы хат келген еді. Онда аталған азаматтар ауылға комбайн керектігін, оны алуға ауыл халқында қажетті қаражаттың жоқ екенін, ал кооператив құру үшін көпшіліктің бірігуге аса құлықты еместігін айтады.
Хатта: «Біз тұрып жатқан Кеңес ауылының өзінде тоқсанға тарта жеке шаруа қожалықтары бар. Алайда, сол шаруа қожалықтары көп жылдық шөп, яғни жоңышқа егуден ары аса алмай отыр. Өйткені, астық шабатын комбайн жоқ. Ең болмаса, Бірлік, Кеңес, Биназар, осы үш ауылға бір комбайн лизингке немесе несиеге алып берсе болар еді. Сонда ауыл тұрғындары бидай, арпа, тары, жүгері секілді дақылдар егетін еді», делінеді. Осылайша, аудан басшылығына қолқа салып, өтініш айтқан ауыл тұрғындары Шу өзенін бойлауға да мүдделі екендіктерін жеткізеді. Өйткені жаз ортасына таяу су тапшылығы болады екен.
Аудан басшылығы бұл мәселеден хабардар ма және ауыл халқына комбайн алудың қандай жолы бар екенін білу мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне арнайы хабарласқан едік. Бөлім басшысы Бауыржан Жақсымбет бұл орайда төмендегідей жауап берді:
– Бүгінгі таңда қарапайым шаруа қожалықтары «КазАгроФинанс» арқылы лизингке кепілдік қойып техника ала алады. Жоғарыда айтылған комбайн және басқа да техника алу үшін кемінде 10-15 кооператив мүшесі болып бірігіп, кепілдігін қойып, техника алуға болады. Сонымен қатар, бұл жөнінде аграрлық серіктестік арқылы жаңадан ашылған «Қанат» бағдарламасы бойынша техникаға қол жеткізуге болады. Ал аудан бюджетіне техника алуға қаражат бөлінбейді. Ол – заңға қайшы.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылғандай, ауылды жерлерде ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіріп, кооператив құру туралы айтылған. Яғни, бірігу арқылы ғана көптеген мәселені шешуге болатынын жұрт жіті түсінуі тиіс. Бүгінгі таңда майда шаруа қожалықтардан біріккен ауданда үш кооператив құрылды. Биназар ауылында – «Биназар агро», Бірлік ауылында – «Бірлік Агро Көктерек» және «Талдыөзек» кооперативі. Сіздер де осылайша кооператив құрып, лизингке қол жеткізулеріңізге әбден болады.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support