- Advertisement -

Төреғали ауылға келіп ән салса…

126

- Advertisement -

ал Осыған аудан әкімдігі мен оның мәдениет бөлімі ықпал етсе дейміз

Біз өнер саласына айрықша мән беретін халықпыз. Кешегі Әміре, Мәди, Ақан сері әндерін ұмыта қойған жоқпыз. Біздің Құмөзек елді мекені облыстағы ең шалғай аудан, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта төменгі Шу бойында орналасқан. Мал шаруашылығымен айналысамыз. Бүгінгі таңда облыс әкімі К.Көкірекбаевтың басшылығының арқасында автожолдар түгелдей жаңарды, көліктер 3-4 сағатта зырғып жетеді, жолдан ешқандай қиналмаймыз. Кезінде Құмөзек ауылындағы Мәдениет үйіне марқұм Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» оркестрін әкелген. Нұрғали Нүсіпжанов «Жазира» ансамблін, жезтаңдай әншілеріміз Роза Бағланова, ағайынды Абдулиндер, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов ағамыз да ауылымызда болды. Осы сапарында Шәмші аға «Мойынқұмда» әнін жазды.
Міне, содан бері талай су ақты, сонау 1990-99 жылдары экономикалық жағдайға байланысты мәдени ошақтар жабылып, талан-таражға түскені көпшілікке аян. Дейтұрғанмен, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында Елбасының салиқалы саясатының арқасында осы олқылықтар өз орнына келтірілді. Мәдени орындар қайтарылып алынды, күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуден өткен 250 орындық Мәдениет үйі еурожөндеуден өтіп, жылу жүйесі іске қосылды, сырты қоршалды.
Ал енді еңсесін түзеп, бойын көтерген ауылымызға бұрынғыдай өнер жұлдыздары көп келе бермейді. Ауыл тұрғындары, әсіресе, белгілі әнші ретінде танылған Төреғали Төреәліні көріп, өнерін тамашалауға асық. Сондықтан, Төреғали секілді талантты ұлдарымыз ауылдарды аралап өнер көрсетсе деген тілегіміз бар.

Байұзақ Саурықов,
ауданның Құрметті азаматы.

Құмөзек ауылы,
Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support