- Advertisement -

Үш айда – үш жекпе-жек

129

- Advertisement -

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова соңғы үш айда үшінші жекпе-жегіне шығады. Жамбыл өңірінің тумасы 27 мамыр күні Ресей астанасы Мәскеуде кәсіпқой бокстағы алтыншы айқасын өткізуге тас-түйін дайын.
БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Фируза Шарипова алдағы жоспарлары туралы ойымен бөлісіпті. «Менің менеджерім Сергей Завилейский 27 мамырда Мәскеуде жекпе-жек өткізетінімді айтты. Бізде бірнеше нұсқа болған. Дегенмен, 27 мамырда шайқас өткізгенді жөн деп таптық. Біз әлбетте әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын кездесу өткізуге құштармыз, әзірміз. Оның бәрі демеушілерге байланысты. Егер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырушылар біздің жоспарымызды қабыл алып, қолдау білдірсе, 27 мамыр күні WBC international белбеуі үшін жұдырықтасамын. Ал ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін бокс кешінде WBC тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атағына таласамын», – дейді қазақстандық боксшы алдағы мақсаттарына кеңірек тоқталып.
Кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова бүгінге дейін бес мәрте шаршы алаңға көтеріліп, төрт қарсыласынан басым түскен болатын. Жамбылдық боксшы қыз соңғы айларда белсенділігімен жанкүйерлерін қуантып жүр. Ол наурыз айында ресейлік Юлия Чернобородованы төрешілер шешімімен жеңсе, сәуір айында тағы бір ресейлік боксшы қыз Виктория Котованы 54 секундта нокаутқа жіберген болатын. Енді мамыр айында да рингке көтерілуге ниет білдіріп отырған Фируза соңғы үш айда үшінші айқасын өткізбек.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support