- Advertisement -

«Тараз» тағы жеңілді

102

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аясында елордалық «Астанаға» қонаққа барған «Тараз» футболшылары қарсыластарына ірі есеппен жол берді. «Астана» футболшылары жамбылдық аяқдоп шеберлеріне шеберлік сағатын өткізгендей болды.
Ел чемпионы «Астана» командасы ойынды ширақ бастады. Тіпті, алғашқы он бес минутта-ақ жерлестерімізді тықсырып тастады. Ойынның он үшінші минутында «Астана» футболшылары есеп ашты. Айып соққысын шірене тартқан Срджан Граховац «Астананы» есепте алдыға шығарды.
Кездесудің отыз үшінші минутында алаң қожайындары есепті еселей түсті. Джуниор Кабананга ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып кетті. Алаң иелері үзіліске дейін үшінші голын да соғып үлгерді. Бұл жолы Дидар Жалмұқан мергендігімен көзге түсті. Үзілістен кейін де «Астана» футболшылары белсенділік танытты. Ойын аяқталуға аз ғана уақыт қалғанда Джуниор Кабананга екінші голын «Тараз» қақпасына тоғытып, ақтық нәтижені тіркеді. Есеп 4:0. Сегізінші турда сәтсіз өнер көрсеткен жерлестеріміз тұңғиыққа батып барады. «Тараз» қашан серпілер екен?

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support