- Advertisement -

Жамбыл облысы — Гилян провинциясы

137

- Advertisement -

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация
Иран Ислам Республикасында жұмыс сапарымен болды

Елбасының инвестиция-лар тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру және басқа елдермен әріптестік байланысты нығайту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясында жұмыс сапарымен болды.
Іссапар барысында облыс әкімі К. Көкірекбаев Гилян провинциясының губернаторы М. Наджафимен кездесіп, екі елдің өңірлері арасындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда-экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды нығайту жөнінде әңгімелесті.
IMG_2351-(1) IMG_2210– Бүгін біз екі елдің өңірлері арасындағы әріптестік байланысты нығайту мақсатында тарихы терең Рәшт қаласында өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Бұл қарым-қатынас өзара байланысымызды нығайтып, жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, – деген өңір басшысы ирандықтарды Жамбыл жерінің экономикалық жағдайымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, басқосуда кәсіпкерлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын екіжақты әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
– Бүгін біз тиісті меморандумға қол қоя отырып, нақты салаларда қарым-қатынасты одан әрі арттырамыз деп ойлаймын. Ол өз кезегінде өңірлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кездесу Жамбыл облысы мен Гилян провинциясының арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деген сенімдемін. Бүгінгі сәтті пайдаланып, экономикалық, рухани-мәдени қарым-қатынасымызды одан әрі арттыра түсу мақсатында өзіңізді және гиляндық әріптестерді Жамбыл облысына арнайы сапармен келуге шақырамын, – деді.

Үш күндік жұмыс сапары кезінде жамбылдық делегация Рәшт қаласындағы Шәһид Әнсари атындағы кәсіптік-техникалық оқу орталығы мен Әнзәли еркін сауда-өнеркәсіп аймағы мен айлағының жұмысымен, сондай-ақ, Уылдырықты балық институтының, «Иран-Радитор» зауытының тыныс-тіршілігімен танысты.

Жалпы, экономикалық талдау көрсеткендей, облысымыздың Иран Ислам Республикасымен арадағы тауар айналымы 2016 жылы 919 мың АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам ұлғайған. Ал оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 802,5 мың АҚШ долларына жетті, экспорт көлемі 780,7 мың, импорт 21,8 мың АҚШ долларын құрады.
Негізінен облыс тарапынан Иранға пияз, кептірілген жасымық пен бидай экспортқа шығарылса, біздің аймаққа Ираннан құрма, құрылыста пайдаланатын заттар, резеңке бұйымдары, тоқыма материалдары, шыны ыдыстар, қара металдан әзірленген бұйымдар, радиаторлар, электр шамдар және басқа халық тұтынатын импорттық тауарлар жеткізілген. Сондай-ақ, Иран елінен жалпы көлемі 62,2 тонна құрма, авокадо, манго, гарциния секілді жемістер әкелінді.
Бүгінгі күнге аймақта мақсарыны қайта өңдеу және оның майын өндіру бойынша «ҚазИрАгро» серіктестігімен бірлескен құны 5,7 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба іске асырылды. 2016 жылы бұл кәсіпорын шамамен 190 миллион теңгеге 600 тонна өнім өндірді. Бұған қоса «Меркі ет» компаниясы Иранға жылына 3 мың тоннаға дейін ірі қара және ұсақ малдың етін жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінгі күнге Иранға 15 тонна ет жіберілді.
Сондай-ақ, облыста, Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдерін өндіретін «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС жұмысын бастады. Кәсіпорын бүгінде ет өнімдерін Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауды бастады.
Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясында жұмыс сапарымен барған делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, басқарма, жоғары оқу орны мен бірқатар ірі, орта кәсіпорындар, шаруа қожалықтардың басшылары және Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері болды.
Айта кету керек, ирандық ауыл шаруашылығы саласының мамандары «Қазфосфат» ЖШС-ның минералды тыңайтқыштарын сатып алуға деген қызығушылықтарын білдірді. Химия саласындағы жетістіктері мен кәсіпорынның өнімдері туралы «Қазфосфат» ЖШС директоры Мұқаш Ескендіров баяндады. Ал облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлдара Нұрымова ирандықтармен медицина саласы бойынша бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support