- Advertisement -

Қуат «Найман» Хамитовтың жекпе-жек алдында салмағы асып кетті

94

- Advertisement -

ММА ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов атақ үшін Магомедсайгид Алибековқа қарсы жекпе-жегін ресми ескертуден бастайды.

Жеңіл салмақ бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек бүгін, 21 сәуірде Ресейдің Владивосток қаласында өтеді. FIGHT NIGHTS GLOBAL 63 аясындағы турнир Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Ресми ескерту Хамитов жекпе-жекті төрешілер кестесіндегі бір ұпайы шегерілетінін білдіреді.

Бір келі салмақ артық болуға рұқсат етілген, алайда, өлшену кезінде Хамитовтың салмағы 71,7 келі болған. Алибековтың салмағы аздап артық болғанмен, шектен аспаған — 70,7 келі.

Еске салайық, осы жекпе-жектен кейін Хамитов Қазақстанға патша болып оралатынын айтқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support