- Advertisement -

Жаужүрек жігіттер

99

- Advertisement -

«Тараз-Арена» спорт кешенінде ұлттық спорт түрі жекпе-жектен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел кубогі үшін өткен жарыс мәресіне жетті.
Үш күнге созылған додаға Астана, Алматы қалалары мен 8 облыстан 237 спортшы қатысып, шын жүйріктер сұрыпталды.
Бәсірелі доданың ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, дүбірлі додада қатарынан оза шапқан сайыпқырандар Азия кубогі жолындағы жарыста бақ сынайтынын жеткізді. Саңлақтардың олжа салуына тілектестігін білдірді.
Айтулы аламанда жамбылдықтар ерледі. Он жеті сайыпқыранымыз алғашқы кезеңде қарсыластарын қапы қалдырды. Әрмен қарай да өрендеріміз сәтті өнерлерімен жанкүйерлерді желпінтіп тастады.
Жарыс қорытындысында 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальді қоржынға салған жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Жүлделі ІІ орын Қызылорда облысының спортшыларына бұйырса, үздік үштікті Астана қаласының өрендері түйіндеді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support