- Advertisement -

Мемлекет көмегін тиімді пайдалануда

91

- Advertisement -

Аудандағы іргелі жеке шаруашылық құрылымдарының бірі – «Байлық» шаруа қожалығы. Бүгінде шаруашылық дихандары иелігіндегі 130 гектар жердің 50 гектарына пияз егуде. Ал қалған 80 гектар жерге қант қызылшасы егіледі. Бүгінде серіктестікте 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
– Өзімізде 10 трактор бар, тағы біреуін лизингке алдық. Қант қызылшасын егуге мемлекет тарапынан қолдау, көмек көп. Қазір ұрығын күтіп отырмыз. Ал субсидиямен бөлінген тыңайтқышты алып қойдық, – дейді аталмыш шаруа қожалығының жетекшісі Абдуманап Абдуллаев.
Шаруа қожалығында тынбай тер төгіп жүрген жандардың бірі – Алексей Пак. Жиырма жылдан астам трактор тізгіндеген еңбек адамының ісі өзгелерге үлгі. Алып көліктің қыр-сырын жетік меңгерген ол жаңа техниканың мүмкіндігі көп дейді.

Мұхтар Шалғынбай,
журналист.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support