- Advertisement -

Жігіттердің басым бөлігі бойының қысқалығынан ІІД-ге жұмысқа орналаса алмайды

65

- Advertisement -

Павлодар обысында өткен жылы ІІД-ге жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірген жас жігіттердің көбі бойының қысқалығынан қызметке тұра алмаған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа ережелері» атты баспасөз жиынында Павлодар облыстық ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы Ренат Шайков айтты.

-Өткен жылы ІІД-не жұмысқа орналасу үшін 532 үміткер өтініш білдірген болатын. Оның 157-сі жұмысқа қабылданды. Өте алмағандардың басым бөлігі — бойы қысқа жігіттер. Талап бойынша жол патрульдік полиция қызметіне саптық бөлімшесіне орналасу үшін жігіттердің бойы 175 сантиметр немесе одан да жоғары болу керек. Өзге категорияларда жігіттер үшін — 170 см, қыздарға — 160 см. Биылғы жылы бізде 273 бос орын бар. Оның ішінде 17 орын — орта лауазымдық қызметтер, яғни бөлім не бөлімше басшысының орынбасары және тағы басқалары, — деді Ренат Шайков.

Айта кетейік, 2016 жылы құқықбұзушылыққа жол берген 31 тәртіп сақшысы қызметінен босатылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиеваның айтуынша, құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа механизмі барлық органдар үшін тестілеудің үш бағдарламасынан тұрады.

— Бірінші бағдарлама аға басқарушы құрам өкілдеріне арналған және тоғыз нормативтік актіден тұрады. Кандидаттар 110 минут ішінде 135 сұрақтың 95-іне жауап беру керек. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрам қызметкерлеріне арналған. Жеті нормативтік акті бойынша 105 сұрақтың 63-іне 90 минутта жауап беру керек. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатардағы құрамға арналған, бес заңнан тұрады. 60 минутта кандидаттар 75 сұрақтың 35-іне дұрыс жауап беруі тиіс. Тестілеу қортындысынан соң кандидаттар сертификаттарға ие болып, тестілеу формасында жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді, — Гүлмира Қабиева.

ақпарат көзі: Baq.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support