- Advertisement -

Мамайдың шетел асқан миллиондарға қатысы бар ма?

79

- Advertisement -

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 аудандық соты журналист Жанболат Мамайды екі айға қамауға алу шешімін шығарды. «Саяси қалам: Трибуна» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы енді үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мамайды 10 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлері шетелде қуғында жүрген «БТА банк» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Тергеу органы 28 жастағы Жанболат Мамайды «БТА банктен» ұрланған ақшаның бір бөлігінің «Саяси қалам. Трибуна» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деген күдікпен тергеп жатыр.
Қазақстандағы Әблязовтің жаңа сыбайласы деп танылған Жанболат Мамай Қылмыстық кодекстің «Заңсыз жолмен табылған ақшаның ізін жасыру» бабы бойынша қылмыстық заң бұзушылық жасады деп айыпталуда. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының: «Тергеу барысында Әблязовтің жаңа көмекшісі Мамай Жанболат Мамайұлы екені анықталды. Ол «БТА банктен» ұрланған қаражаттың бір бөлігінің ізін «Саяси қалам: Трибуна» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған. Қазір коррупцияға қарсы бюро қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр» – деп таратқан ақпараты негіз болып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support