- Advertisement -

Ұлың болсын оншақты

155

- Advertisement -

жаңа перзентханада 9 сәби дүниеге келді

IMG_1502Соңғы жылдарда облыс орталығында жаңа емдеу мекемелері көптеп бой көтерді. Отандық медицинаны дамытуға бағытталған нақты шаралардың жемісі осы. Тіпті, ана мен баланың денсаулығын қорғауда түйіні тарқатылмай келген түйткілдердің біразы шешімін тапқанын айта кету керек. Облыстық перинаталдық орталық барлық жағдай жасалған жаңа ғимаратқа көшірілді. Жақында Тараз қалалық №1 аурухананың базасында 25 орындық перзентхана бөлімшесі ашылды.

Елдегі әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығының көрінісі шығар, демографиялық өсім сақталған. Мұндай жағдайда, жасыратыны жоқ, қалалық перинаталдық орталық ептеп тарлық ететіні де байқала бастаған. Сондықтан, жаңа перзентхана бөлімшесінің ашылуы – осы бір мәселенің шешімі болғаны анық.

Бөлімше меңгерушісі Ольга Большакова мұнда жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге бірінші деңгейлі мамандандырылған және перинаталдық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалғанын айтады. Перзентхана бөлімшесінің орналасқан аумағы өте қолайлы. Біріншіден, №1 аурухана жаңа ғимаратқа көшірілген және бұл жер қалалық перинаталдық орталыққа жақын. Тура жанында №2 аурухана және облыстық қан орталығы, жаңа емхана орналасқан. Туп-тура медициналық қалашық деуге де болатындай. Содан болар, ана мен бала күтіміне арналған құрылғылар мен жабдықтары жаңа, іші жарық әрі кең, барлық жағдай жасалған бөлімшеде босанғысы келетіндер көп. Қазірдің өзінде мұнда тоғыз сәби дүниеге келіпті. Оның төртеуі бөлімшенің ресми ашылу салтанаты өтіп жатқан кезде үйлеріне шығарылды. Олардың ата-аналарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Сарина туу туралы куәліктерін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті.

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support