- Advertisement -

Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы өседі

130

- Advertisement -

Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады екен, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары.

«Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек. Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс.

«Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді», — деді Президент.

«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс», — деп түйіндеді Н.Назарбаев.

ақпарат көзі: Baq.kz 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support