- Advertisement -

Ұлы дала елін ұлықтаған ұлдарымыз бен қыздарымыз бар

169

- Advertisement -

екімыңжылдық тарихи қалада тұтанған қысқы Универсиада алауы Алматы төріне жеткізілді

Бұл күні тараздықтар жұмысты да, күнделікті күйкі тірлікті де ұмытқандай болды. Қаламыздағы Көне Тараз тарихи-мәдени орталығынан бастап, «Тараз-Арена» спорт сарайына дейінгі аралықта шаһардың он мыңнан астам тұрғыны жол жиегінде «Алға, Қазақстан!», «Спорт – татулық символы» секілді жалынды сөздер жазылған плакаттар мен жалаушалар ұстап қысқы Универсиада алаугерлеріне қолдау білдірді.
Иә, ТМД елдері тарихында тұңғыш рет қысқы Универсиаданы Қазақстан қабылдап жатқанда қала халқы қалай ғана дамыл тапсын. Бұл елдікке, Отанын сүйген азаматтар жасайтын ерлікке деген құрмет. Бұл – Алматыда өтетін байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тілеген жамбылдықтардың шынайы тілегі мен көңілі.
Бәсірелі доданың алау эстафетасын алып жүруге арналған салтанатты шара Көне Тараз тарихи-мәдени орталығында бастау алды. 2000 жылдан астам тарихы бар көне шаһардың тұрғындары мұнда да көп жиналды. Олар лэд-экран арқылы Ежелгі Тараз қалашығында байырғы кезең алауының дүниеге келуін тамашалап, деректі фильм түрінде жасалған бейнематериалдарға риза болысты. Деректі фильм арқылы тарихи Тараз төрінде ежелгі алаудың жағылу салтанатын көзімізбен көрдік. Ханнан рұқсат алған жаршы саңлақтарды ел намысын қорғауға шақыратын эпизодтар лэд-экран арқылы көрсетілгенде, «Лаула, қайсарлықтың қалауы, жеңісімнің жалауы!» деген жалынды сөздерді біз де іштей қайталап тұрдық. Бейнежазбадағы рухты жанитын, намысты қамшылайтын сөздер елдің де көңілінен шыққаны сөзсіз. Бір сәттік деректі фильмге көне шаһардың ғасырлар бойғы тарихы, дәстүрі, сертке беріктігі әдемі топтастырылғаны бізді қуантты.

Ежелгі Тараз қалашығынан байырғы алауды көкпар спортынан еліміздің тоғыз дүркін чемпионы «Әулиеата» ат спорты клубының өкілі, ат спортынан елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрдәулет Момынов жарау атпен алып келіп, үш дүркін «Қазақстан барысы» додасының жеңімпазы, қазақ күресінің шебері Бейбіт Ыстыбаевқа табыстады. Ол өз кезегінде ежелгі алау құтыны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа ұсынды. Өңір басшысы тарихпен тамырлас алау құтысын тұтатқан соң, шара әрмен қарай қыза түсті. Ортаға ақ аламанның символына айналған сұңқар құс пайда болып, жұртшылық ду қол шапалақпен қошемет көрсетті.
Мұнан соң алау эстафетасына 15 студенті белсене қатысқан, қаламыздағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбеков Алматыда жалауы желбірейтін бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа тапсырды. Өз кезегінде Кәрім Нәсбекұлы алауды тұтатып алған соң алғаш болып өзі жүгіру жолына шығып, еркін күрестен Лондон Олимпиада­сының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа жеткізіп берді.
Алау эстафетасын алып жүру мақсатында комиссия шешімімен таңдалып алынған 60 азамат бұл күні әрқайсысы 200 метр қашықтықты алау эстафетасымен жүгіріп өтті. Олардың қатарында әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған саңлақтар жеткілікті. Облыс әкімінен эстафетаны еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров қабылдап алғаннан кейін әрмен қарай бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов, «Астана арландары» жартылай кәсіпқой бокс клубы сапында бүкіләлемдік бокс сериясында топ жарған Асланбек Шымбергенов, паратаэквандодан тірек-қимыл аппараты зақымданған азаматтар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Өмірәлі Нышан, үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев бастаған кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылар эстафетаға белсене қатысты. Аты елімізге ғана емес, құрлыққа, әлемге танылған боксшыларымыз бен өзге де өрендеріміз алау құтыны қаланың ең көрікті жерлерімен алып жүрді. Спортшылардан бөлек, түрлі өнер додаларының, жастар форумдарының қатысушылары да аталған шараға ынта-шынтасымен үлес қосып, «бірлік түбі – тірлік» екенін байқатты.
Көне Тараздан басталған думанды шара Тұңғыш Президент саябағында жалғасын тапты. Мұнда ТИГУ өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, алаугерлерді «Тараз-Арена» спорт кешеніне шығарып салды. Мұнда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған алаугерлерді ТарМПИ-дің өрендері қарсы алып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар рухты жанитын патриоттық әндер шырқап, өзге планета­лықтардың биін биледі. Талай чемпиондарды түлеткен ТарМПИ өкілдері де бұл шараға осылайша өздерінің қомақты үлестерін қосты. Соңынан облыс басшысы қолынан алауды алған қазақ күресінен әлем чемпионы Дәулет Пахриденов қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілімен алау құтыны және символикалық алау шамын Алматы қаласына жеткізді.

IMG_04++61 IMG_857+1IMG_8++559IMG_85++40 IMG_9+49++5IMG_03++21  IMG_90++50 IMG_95++38  IMG_888++6 IMG_889+8 IMG_897++2 IMG_902++1 IMG_913++3 IMG_8758

Жалпы алғанда бұл шараға біздің облыс тыңғылықты дайындалды. Тараз қаласы мен аудан орталықтары 50 баннер әзірлеп, 1000 дана афишалар мен жарнамалық парақшалар ілгенін айта кеткен ләзім.

Табиғат АБАИЛДАЕВ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support