- Advertisement -

Универсиада-2017: Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы белгілі

73

- Advertisement -

Бүгін Алматыда басталған XXVIII қысқы Универсиада ойындарының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан бесінші орынға тұрақтады. Ал көш басында Ресей құрамасы тұр. Солтүстік көршіміз 9 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде төртеуі алтын. Сондай-ақ 4 күміс, бір қола бар. Екінші орында Қытай құрамасы (2 алтын, 1 қола). Үздік үштікті Польша қорытындылады (1 алтын, 1 қола). Бір алтыны бар Италия төртінші орынға жайғасқан. Бесінші орындағы Қазақстан 1 күміс, екі қола жеңіп алды.

Айта кетейік, күмісті фристайлшы Жанбота Алдабергенова иеленсе, қола жүлдеге Жібек Арапбаева, Анна Шевченко қол жеткізді.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support