- Advertisement -

БЖЗҚ басшысы ауысты

81

- Advertisement -

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы ауысты, оның басшысы лауазымына Нұрбибі Наурызбаева сайланды

«Бірауыздан төрайымы болып Нұрбибі Наурызбаева сайланды», — деді БЖЗҚ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева. Бұған дейін ол ҰБ ішкі аудит департаменті директоры болған. Ұлттық банк БЖЗҚ жеке қаражатын Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға тапсыру туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, сот бұрынғы басшы Руслан Ерденаевқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ сот Тәуекелдерді басқару департаментінің қаржылық тәуекелдер басқармасының бастығы Мұса Бахытов, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағаринаны қамауға алу шарасын өзгеріссіз қалдырды.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support