- Advertisement -

Тарихта алғаш рет: “Астана” футболшысы Испания чемпионатына ауысты

90

- Advertisement -

“Астана” клубының футболшысы сербиялық Неманья Максимович испаниялық “Валенсия” сапына ауысты.

Ойыншының өзі де осы қыста команда ауыстыратынын растады. Максимовичтің сөзінше трансфер 5-6 күннің ішінде рәсімделуі тиіс.

Басылымның ақпараты бойынша, Максимовичті алу үшін “Валенсия” клубы “Бенфика”, “Монако”, “Ювентус” секілді алпауыт клубтарды басып озған. Испан клубы ойыншымен алдын-ала келісімге қол қойып қойған. Келісім-шарт 5 жылға есептеліп, 7 млн евро жалақыға қол жеткізбек.

Әзірге Максимовичтің “Валенсияға” нақты қай кезде ауысатыны белгісіз. Сербиялықтың “Астанамен” келісім-шарты осы жылдың маусым айында аяқталады.

“Валенсия” Испания чемпионатында өнер көрсетеді. Қазір олар турнир кестесінде 15 турдан соң 12 ұпаймен 17-орында келе жатыр. Жалпы, Ла-Лигада 20 команда ойнайды.

ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support