- Advertisement -

Ақтөбеліктер 54 көліктен шырша құрастырды (фото)

147

- Advertisement -

Автосүйер қауым ақтөбеліктерді Жаңа жылымен құттықтады. Қаланың шағын аудандарының бірінде жүргізушілер өздерінің көліктерінен шырша жасады. Артынша барлығы бір уақытта көліктерінің жарығын қосқан.

Басылымның хабарлауынша, науқанға 54 көлік қатысқан. «Жаңа жылдық науқан Ресей қалаларында басталып, артынша Қазақстанда өз жалғасын тапты. Біздің қаламызда науқанды өткізуге ақтөбелік автоклуб ұсыныс жасады. Біз келістік. Алдымен интернет арқылы хабарландыру ілінді. Келгендер көп болып, тұраққа сймай жатты. Бірінші олар өздерінің көліктерінен сағат құрастырды. Ал шыршаны шамамен екі сағат құрастырды. Алғаш құрастырған шырша қисық болып қалды. Оны басынан жасады”, – дейді «Zello Ақтөбе” әкімгері.
Aluk9vbRP6
Көліктерден құралған шыршаны 20-30 метр биіктіктен квадрокоптердің көмегімен түсірген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support