- Advertisement -

Азат елдің азат ойлы ұрпағымыз

211

- Advertisement -

1991 жылы Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялап, өз алдына дербес мемлекет болып құрылды. Байтақ еліміздің көк байрағы көкте желбіреп, сан ғасырлар бойы аңсаған ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалды. Алайда, дүниежүзіне егемен ел екенімізді мойындату оңай болған жоқ. Расында да, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, бұрынғы қалыптасқан үрдістен қол үзіп, жаңа экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін батыл қадамға бару қажеттілігі туындады. Осынау алмағайып заманда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында аянбай тер төгіп, халқын талай сындарлы кезеңнен аман алып шықты. Соның арқасында мемлекетіміз ширек ғасыр ішінде мол табысқа кенелді, әлемге ынтымағы жарасым тапқан ел ретінде танылды. Дүниежүзілік бірнеше беделді ұйымдарға мүше болды. Міне, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет болғанына 25 жыл толып отыр.
Мен Тәуелсіздікпен түйдей құрдаспын. Азаттықтың ақ таңы атқан жылы Ақжар ауылында дүниеге келіппін. Егемен елдің ұланы болдық, ер жеттік. Жаңа бағыт-бағдарын айқындаған оқыту жүйесі бойынша білім алдық. Қазіргі таңда өз ауылымдағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеудемін.
Негізі, 25 жыл деген тарих үшін қас-қағым сәт қана. Осы жылдар ішінде еліміздің бағындырған белестері мен қол жеткізген жетістіктері өте көп. Дегенмен, біз алда әлі талай биік белестерді бағындыруымыз керек.
Адам баласы үшін азаттықтан асқан арман жоқ. Бабалар аңсаған бақытқа қол жеткіздік. Ендеше, сол бақыт­тың қадірін білейік.

Бектілеу Исмаилов,
ұстаз.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support