- Advertisement -

Қазақстандық зауыт жаңа үлгідегі көлік құрастырады

82

- Advertisement -

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Бүгін қазақстандық  «АЗИЯ АВТО» зауыты   «LADA көлігін құрастыруды бастау рәсімін өткізді.  Техникалық рұқсатқа ресми  қол қойылғаннан кейін отандық көлікті жинауды бастау рәсімі өтті. Стратегиялық құжатқа  өңірге келген «АВТОВАЗА» президенті Николя Мор мен «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин қол қойды. Қазақстандық машина жинау зауытына экспортқа шығару үшін  Vesta седан, Xrayкроссовер, Largus және Granta    лифтбегін жинауға құқық беріледі. «Қазақстан — «Lada» үшін нөмірі бірінші экспорттық нарық. Өскемендегі өндірісті дамыту — экспорттық саясатта мүмкіндіктерді кеңейту. Кәсіпорын алдында көптеген міндеттер тұр. Біз толық циклды көлік зауытын салуды жалғастырамыз. ҚР билігіне ауқымды жобамызды қолдағаны үшін алғыс айтамыз», — деп атап өтті Николя Мор. Өз кезегінде холдинг басшысы Анатолий Балушкин осы жыл «АВТОВАЗ» және  «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» әріптестігі тарихында ең маңызды жыл екендігін айта келе, «LADA»  үлгісін шығаруды бастау — зауыттың 14 жылдығына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына лайықты сый»,-деді ол. Өскеменде жылына 120 мың көлік шығаратын зауыт салу бойынша «АЗИЯ АВТО Казахстан» индустриалдық-инновациялық жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба республикалық Қазақстанның ҮИИД картасына кіреді. Оны іске асыру 2014 жылы басталған. Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2017 жылға жоспарланған. Жобаны іске асыру Қазақстан мен Ресей президенттері мақұлдағаннан кейін басталды.

Қазақстандық зауыт жаңа үлгідегі көлік құрастырады

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support