- Advertisement -

БІЗ — ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫМЫЗ

126

- Advertisement -

Мерейлі мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Тараз қаласындағы Қ.Сармолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Талапты өрендердің өнерін облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов арнайы келіп тамашалады.

Шашу» биі – жеткіншектердің елдің тойына арнаған тарту-таралғысындай болды. Осы іс-шара арқылы балалар Тәуелсіз елдің дамуына қандай үлес қосып жатқандарын көрсеткісі келген сыңайлы. Үлгілі тәртібі, үздік білімімен көзге түскен жас жеткіншектердің қол жеткізген жетістіктері мақтануға тұрарлықтай. Концертте тәрбиеленушілердің табыстары айтылып, слайд арқылы көрсетіліп тұрды. Патриоттық әндер шырқалып, «Балалық шақ» атты сәнді киімдер үлгісі көрсетілді. Ал 90-жылдары осы балалар үйінде тәрбиеленген, бүгінде елімізге танылған «Мерей» тобының әншілері – Сухраб Мадумаров пен Алисұлтан Семыкиннің осы шарада ән салғаны – талапты жастардың көңілін серпілте түскендей.
Әуелете ән салып, мың бұралып билеген балғындардың өнеріне тәнті болған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов жас өнерпаздарға ризашылығын жеткізіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
– Еліміздің болашағының жарқын болуы – осындай дарынды, білімді жастардың талабына байланысты. Өнерлерің өрге жүзсін. Еліміздің дамуына осындай талаптарыңмен, өнерлеріңмен, білімдеріңмен үлес қоса беріңдер, – деді Ерқанат Нұрбапаұлы.

Наурызбек САРША,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support