- Advertisement -

Шебердің қолы ортақ

89

- Advertisement -

Биыл Бірлік ауылында «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының қолдауымен көптеген азаматтар шағын кәсіптерін ашып, нәсіпке кенелуде. Олардың бірі тігін цехын ашса, екіншілері мал бордақылайтын алаң мен жылыжай соғуды қолға алған. Ағаш өңдейтін цехтың жұмысын жандандыру үшін цех иесі Бақытқали Сүйкімбеков те аталған бағдарламаның аясында 3 миллион теңге несиеге қол жеткізіпті. Бала кезінен ағаштан бұйымдар жасауды армандаған Бақытқали мақсаты орындалуына септескен мемлекеттік бағдарламаға дән риза.
Кез-келген шаруаны аяғынан тік тұрғызу үшін оған қомақты қаражат керек. Яғни, қалта қалыңдамай, тірлікті оңалту қиын. Мұндайда мемлекет қиыннан қиыстырып тиімді бағдарламалар ұсынып отыр. Бұл дегеніміз – кәсіппен айналысамын деушілерге үлкен көмек. «Цех жұмысын жандандыру көптен бері ойымда жүрген. Басында қаражаттың реті келмей, көп нәрсеге қолым жетпей қиналғаным рас. Ақыры мемлекеттік бағдарламамен несие алуға бел будым. Алған қаражатқа ағашты кесетін, тесетін, оятын, шабатын, сүргілеп жонатын қондырғыларды сатып алып цехқа орнаттым. Қазір, міне, ағаш бұйымдарынан жасалған, есік-терезе, үстел, орындық, басқа да бұйымдар жасап тірлігім алға басқандай болды. Тіпті, жергілікті тұрғындардан түсіп жатқан сұраныстың да саны артып келеді. Білім беру мекемелері мен жеке адамдардан түскен сұранысты дер кезінде орындауға тырысамын. Цехта барлығы 3 адам жұмыс жасаймыз. Ағаштарды арнайы Шу қаласынан сатып алып, кептіреміз. Өйткені, кепкен ағаштан жасалған бұйымдардың сапасы да жақсы болады. Егер қажетті бұйымдарға сұраныс тағы да артып жатса, онда біз өз цехымызды кеңейтіп, жұмысшылар санын арттырамыз», – дейді цех меңгерушісі Б.Сүйкімбеков.
Халқымыздың құн жетпес құндылық-тарының бірі – қолөнер. Мұндай өнерді екінің бірінің бойынан кездестіре бермейтініміз анық. Ағаштан түйін түйіп, жаңқаға жан бітірген Бақытқалидың еңбегі – басқаларға үлгі.

Уалихан жайлау,
«Ақ жол».

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support